Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 82/12 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы «5» наурыз № 193823 болып тіркелді

 

(VІІІ шақырылым, кезектен тыс XV сессиясы)

 

Ақтоғай ауылы                             № 112/15                       2024 жылғы 28 ақпан

 

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 82/12 «2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 82/12 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 3 401 914 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер -  1 376 636 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 69 474 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 189 мың теңге;

трансферттер түсімі – 1 950 615 мың теңге;

2) шығындар – 3 610 217 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 72 510 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 125 528 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 53 018 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 280 813 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 280 813 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

 

 Ж. Ташенев

 

Қосымша
Дата публикации
03 апреля 2024