Жоба
Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-6-қосымшаларға сәйкес Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары;
7-қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін.
1) Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің «Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4622 болып тіркелген) қаулысы;
2) Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің «Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 170 «Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қазандағы № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген) қаулысы.