Жоба
Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін жаңа редакцияда бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі жаңа редакцияда бекітілсін.
- Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 176 «Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2023 жылғы 11 мамырда № 180633 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.