Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы қаңтардағы № 191085 болып тіркелді
(VІІІ шақырылым, кезектен тыс XІІІ сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 102/13 2023 жылғы 28 желтоқсан
2024-2026 жылдарға арналған Қожамжар ауылдық округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер - 133624 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 3927 мың теңге;
трансферттер түсімі - 129697 мың теңге;
2) шығындар - 133624 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0.
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Ж. Ташенев |