Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 191091 болып тіркелді
(VІІІ шақырылым, кезектен тыс XІІІ сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 100/13 2023 жылғы 28 желтоқсан
2024-2026 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 149013 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 400 мың теңге;
трансферттер түсімі – 146613 мың теңге;
2) шығындар – 49292 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0.
|
Ақтоғай аудандық мәслихаттың төрағасы |
|
Ж. Ташенев |