2024-2026 жылдарға арналған Жалаулы ауылдық округінің бюджеті туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 191082 болып тіркелді

 

(VІІІ шақырылым, кезектен тыс XІІІ сессиясы)

 

Ақтоғай ауылы                            № 99/13                   2023 жылғы 28 желтоқсан

 

2024-2026 жылдарға арналған Жалаулы ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Жалаулы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 51391 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 3365 мың теңге;

трансферттер түсімі - 48026ңге;

2) шығындар - 51391 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -   0.

  1. Жалаулы ауылдық округінің бюджетінде, аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі 47913 мың теңге сомасында ескерілсін
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджет саясаты және облыстың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

 

 Ж. Ташенев

Қосымша
Дата публикации
05 февраля 2024