Жоба
Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 58/13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25705 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы «Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 58/13 «Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №83/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7457-14 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні