Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Проект

 

Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін турістік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде мөлшемесі бекітілсін.
  2. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №84/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7456-14 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 января 2024