Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 және 50-бабтарына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы», Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м. а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдыналу және жою жөніндегі Ақтоғай ауданы комиссиясының кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № №26/1-09/55 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

  1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімініңжетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі

Қ.Арынов

 

 

Дата публикации
09 января 2024