Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 140/30 «2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 190351 болып тіркелді

 

(VІІІ шақырылым, кезекті XІІ сессиясы)

 

Ақтоғай ауылы                                      № 81/12                             2023 жылғы 21 желтоқсан

 

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 140/30 «2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 140/30 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 6 567 672 мың теңге, соның ішінде:

          салықтық түсімдер -  1 177 942 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 38 971 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 334 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 5 340 425  мың теңге;

          2) шығындар – 6 655 047 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 39 032 мың теңге, соның ішінде:

          бюджеттік кредиттер – 85 840 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 46 808 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) -  - 126 407 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 126 407 мың теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

Ақтоғай аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

Ж. Ташенев

 

 

Қосымша
Дата публикации
03 января 2024