Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындардың жалпы санының 1(бір) проценті мөлшерінде, бірақ 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде Ақжол ауылдық округі өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қосымша
Дата публикации
29 ноября 2023