Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын өткізу қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының   6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
  2. Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша
Дата публикации
29 ноября 2023