Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын өткізу қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын өткізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін, қосымшаға сәйкес.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің әрбір ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы                        Ж. Ташенев

Қосымша
Дата публикации
28 ноября 2023