Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 140/30 «2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

  

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 140/30 «2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 140/30 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 6 591 626 мың теңге, соның ішінде:

          салықтық түсімдер – 1 196 731 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 39 676 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7 221 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 5 347 998  мың теңге;

          2) шығындар – 6 679 001 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 46 342 мың теңге, соның ішінде:

          бюджеттік кредиттер – 93 150 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 46 808 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 133 717 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 133 717 мың теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     

Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы

 

Ж. Ташенев

 

 

Қосымша
Дата публикации
07 ноября 2023