ЖОБА
Ақтоғай ауылында жолаушылар мен багажды тұрақты
тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтоғай ауылында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға 80 (сексен) теңге мөлшерінде барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
|
Е. Машырықов
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтоғай аудандық
мәслихатымен