Өткізілген орны: Ақтоғай ауылы Абай көшесі, 79
Күні: 7 қыркүйек 2023 жыл
Уақыты: 15:00
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Ж.Билялова,
Қатысқандар: мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер.
Күн тәртібінде:
Бөлімдегі мемлекеттік қызметтерді тұрғындар арасында талқылау және тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен таныстыру
Кіріспе сөз. Бөлім басшысы Л.Билялова қатысушыларға бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып берді. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім арқылы 16 мемлекеттік қызметті 4 мемлекеттік қызметкерлер көрсетеді.
2022 жылы 1186 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз нысанда көрсетілгені-0;
2) көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанда көрсеткен, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін жағдайларда - 0;
3) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген - 1091;
4) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендер - 17;
5) электрондық түрде көрсетілген 0;
6) ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы көрсетілген қызметтер саны - 78.
«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу жағдайы жасалған. Шақыру қондырғысы, пандус, тактильді жолдар бар, ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге кезектен тыс мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарландыру орналастырылған.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің байланыс деректерін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары үшін жәшік орнатылды (87184121173).
Мемлекеттік мекеме ғимаратының стендінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа үлгіге ауыстырылды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторинг бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жүргізді. Бақылау іс-шараларын тексеру барысында өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Есеп аяқталды, назарларыңызға рахмет.
Көтерілген сұрақтар:
1) Ақтоғай ауылдық округінің тұрғыны Г.Смагулова балаларға қандай көмек көрсетілетіні туралы сұрақ қойды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсыруға болатыны туралы түсініктеме берілді.
2) «Ардагерлер үйі» Павлодар облыстық мүгедектерді әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-не бару жөнінде Ақтоғай ауылдық округінің тұрғыны, 1952 жылы туған Д.Жармакина сұрақпен жүгінді. «Ардагерлер үйі» КММ-не баруға тізімге тіркеліп қойылатыны түсіндірілді.
Барлығы «Ашық есік күні»-не 12 азамат келді. Қойылған сұрақтарға жауап берілді, ұсыныстар мен ескертулер жоқ.
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бөлімінің басшысы Л.Ж.Билялова
Хатшы Т.К.Жумалинова