Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 266/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6708 тіркелген);
2) Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәурдегі №106/21 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жәнеАқтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы № 266/56 шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27930 тіркелген).
Сессия төрағасы