"Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің есебіне талдамалық анықтама

"Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік қызметтерінің 5 түрін көрсетеді :"Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру", "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "Сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу","Жер учаскесін жеке меншіккі ақысын бірден төлеп не бөліп төһлеу арқылы сату""Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

2022 жылы "Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ інде -11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, атап айтқанда: "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" - 3 мемлекеттік қызмет, "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"- 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"-2 мемлекеттік қызмет. Барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мерзімінде алынды.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мәліметтерді көрнекі ақпарат көздерінен: ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында орналасқан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін , ақпараттық стендтерден алуға болады. Сондай-ақ келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар. Әкімдікте мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттарды толтыру және күту үшін орындар бар. Ақжол ауылдық округі әкімінің аппаратында қызмет алу процесін оңайлату үшін, аудан орталығына баруды болдырмау мақсатында Е-qoldau ашық қол жеткізу пункті орнатылған, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше немесе ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен ала алады. Сондай-ақ, халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, ол арқылы есепті кезеңде 18 мемлекеттік қызмет алынды.

Халықты "egov mobile" "Телеграм-бот" және т.б. мобильді қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы хабарлар ету мақсатында. ақпараттық материалдарды (брошюралар), видиороликтерді тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде, банерлер орнатылды. Есепті кезеңде барлығы 95 ақпараттық материал брошюрасы берілді.

"Ашық әкімдік" жобасын іске асыру жөніндегі жол картасын орындау мақсатында "Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ азаматтардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін кедергісіз қол жеткізуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Халықты ақпараттандыру үшін әкімдік ғимаратында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына кезектен тыс қызмет көрсетілетіні туралы хабарландыру орналастырылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту тіркелген жоқ.

"Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орнатылған. Есепті кезеңде белгіленген жәшікке шағымдар мен пікірлер түскен жоқ.

 

Ақжол ауылдық округінің әкімі

                          Д. Дощанов



Дата публикации
03 июля 2023