Жоба
Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округінің Ақтоғай ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
«Юный» тұйық көшесі «Имәт Сунтаев» көшесі;
«Коммунальный» тұйық көшесі «Қажмұрат Ибадильдин» көшесі;
«Целинный» тұйық көшесі «Аслан Мағұлов» көшесі болып қайта аталсын.
Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Қ. Пстебаев