«Ашық НҚА» порталында 2023 жылғы 19 сәуірде жарияланған
Шешім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидалары туралы № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы шешімнің мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік көмек көрсету шараларымен қамтамасыз ету, оның мөлшерлерін белгілеу және тізбесін айқындау болып табылады.
Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету.