Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 344/74 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1 - қосымшадағы 1 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Ақтоғай ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:
Ақтоғай ауылының М. Горького көшесі, 86 бойынша орналасқан Мәдениет үйінің алды.
Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - жүз адам.».
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
Л. Дисенова |
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Ж. Ташенев |