Құрылымына сәйкес 2023 жылға жоспарланған егіс алаңы 63,868 мың га немесе 2022 жылғы егістікке 102,4%, оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 40,0 мың га немесе 107,6% (оның ішінде бидай – 34,5 мың га, арпа – 3,0 мың га, тары-0,7 мың га, қарақұмық-1,7 мың га);
- майлы дақылдар – 10,460 мың га немесе 84,4 % (оның ішінде күнбағыс – 4,06 мың га, зығыр – 4,0 мың га, қысқы зімбір – 2,4 мың га);
- халықты ескере отырып, картоп өндірісі – 2,6 мың га немесе 104,7 % құрады;
- халықты ескере отырып, көкөніс мөлшері 0,476 мың га немесе 101,4% құрады;
- жемшөп дақылдарының өнімі - 10,332 мың га немесе 105,2 % (оның ішінде ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері -0,5 мың га, 9,965 мың га) құрады.
Агротехникалық шаралар
Ағымдағы жылы ылғалды жабу 43,0 мың га алаңда жоспарлануда, оның ішінде пар – 10,0 мың га, сүдігер – 6,0 мың га, аңыз – 27,0 мың га, барлығы 50 агрегат іске қосылады. Жұмысты 11 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.
Егіс алдындағы өңдеу 27,0 мың га алаңда 88 агрегат іске қосылады, жұмысты 15 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.
Көктемгі жер жырту 6,0 мың га алаңға жоспарланған 34 агрегат іске қосылады, жұмысты 12 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.
Жалпы ағымдағы жылғы көктемгі егіс жұмыстарын Павлодар АШҒЗИ ұсынған оңтайлы мерзімдеріне сәйкес аяқтау жоспарлануда.
Техниканың дайындығы.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге жоспарланған ауыл шаруашылығы техникалары паркінің дайындығы 85% құрайды.
Көктемгі егіс жұмыстарының жұмыс жоспарына сәйкес егіс жұмыстарына 222 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылады, соның ішінде: 52 бірлік доңғалақты тракторлар, 92 бірлік шынжыр табынды, 8 бірлік егіс кешендері, 70 бірлік өзгеде топырақ өңдеуші техникалар.
Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылдың басынан аудан шаруашылықтарымен жалпы сомасы 77,4 млн.теңгеге 5 бірлік ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.
Несиелеу
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін аудан шаруашылықтары "Ақнұр" кредиттік серіктестігі арқылы жалпы сомасы 148,0 млн.теңгеге, оның ішінде "Кен-дала" бағдарламасы бойынша 123,0 млн. теңгеге және "Агробизнес" бағдарламасы бойынша 25,0 млн. теңгеге кредит беруді жоспарлап отыр.
Тұқым
2023 жылдың өніміне ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 8,43 мың тонна тұқым себілді, оның ішінде дәнді дақылдар – 3,8 мың тонна, картоп – 4,6 мың тонна және майлы дақылдар 0,03 мың тонна.
ЖЖМ (жанар-жағар май материалдары)
2023 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 1017 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, оның ішінде ақпан айына – 103 тонна, наурыз айына – 342 тонна, сәуір айына – 410 тонна, мамыр айына – 162 тонна.
Бүгінгі таңда 445 тоннаға немесе жоспарланған көлемнің 100% - на өтінім берілді, 340 тонна немесе 76% төленді, 340 тонна немесе 76% шығарылды.
2 оператор анықталды: "ТК ПАРНАС" ЖШС және "LF TRADE" ЖШС.
Операторлық қызметтерді ескере отырып, арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының бағасы 228 000 теңгені (191 теңге/литр) құрайды.