2023-2025 жылдарға арналған Мүткенов ауылдық округінің бюджеті туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы      6 қаңтардағы № 176334 болып тіркелді

(VII шақырылым, кезектен тыс XXXI сессиясы)

 Ақтоғай ауылы                                                     № 151/31                                             2022 жылғы 28 желтоқсан

2023-2025 жылдарға арналған Мүткенов ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет   кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай  аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Мүткенов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 55309 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер - 3581 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 2 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 51726 мың теңге;

         2) шығындар - 55309 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

 Ж. Ташенев



Қосымша
Дата публикации
10 февраля 2023