2023-2025 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 176406 болып тіркелді

(VII шақырылым, кезектен тыс XXXI сессиясы)

 Ақтоғай ауылы                                                       № 149/31                                      2022 жылғы 28 желтоқсан

2023-2025 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Қараоба ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер - 314339 мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер - 5441 мың теңге;

         салық емес түсымдер – 65 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 308833 мың теңге;

         2) шығындар - 314339 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджет саясаты және облыстың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

Ж. Ташенев

 



Қосымша
Дата публикации
10 февраля 2023