2023-2025 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 176335 болып тіркелді

(VII шақырылым, кезектен тыс XXXI сессиясы)

 Ақтоғай ауылы                                                           № 148/31                                        2022 жылғы 28 желтоқсан

2023-2025 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:                                                                                   

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 51 701 мың теңге, соның ішінде:                                                                                                                                         

салықтық түсімдер – 2 206 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 62 мың теңге;

трансферттер түсімі – 49 433 мың теңге;

2) шығындар – 51 701 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

      Ж. Ташенев

Қосымша
Дата публикации
10 февраля 2023