Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 176407 болып тіркелді
(VII шақырылым, кезектен тыс XXXI сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 147/31 2022 жылғы 28 желтоқсан
2023-2025 жылдарға арналған Жалаулы ауылдық округінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетті қарап, аудандық бюджет комиссиясы қаулы ШЕШТІ:
1) кірістер - 50508 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 5775 мың теңге;
трансферттер түсімі - 44733 мың теңге;
2) шығындар - 50508 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0.
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Ж. Ташенев |