2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 6 қаңтардағы №176330 болып тіркелді

 (VII шақырылым, кезектен тыс XXXI сессиясы)

Ақтоғай ауылы                                                     № 145/31                                    2022 жылғы 28 желтоқсан

 2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай  аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 186965 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 20352 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 1492 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3500 мың теңге;

трансферттер түсімі - 161621 мың теңге;

2) шығындар - 186965 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -                   0.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

      Ж. Ташенев

 

 



Қосымша
Дата публикации
10 февраля 2023