(VII шақырылған, кезекті XХХII сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 155/33 2023 жылғы 16 қаңтар
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2019 жылғы 11 қаңтардағы
«Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы және участкелік сайлау
комиссияларының құрамы туралы»
№ 225/44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына, 19 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШТІ:
құрамынан шығарылсын:
- аудандық аумақтық сайлау комиссиясынан Рамазанов Дархан Бәкібайұлы;
- № 142 участкелік сайлау комиссия құрамынан Кетиков Ризабек Рыспекұлы.
құрамына енгізілсін:
- аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Әбілдинова Батима Дюсенқызы:
- №142 участкелік сайлау комиссиясына Кисина Макен Амангелдықызы.
Мәслихат төрағасы Ж. Ташенев