2023-2025 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы

Жоба

  

2023-2025 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы                                                           

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 314339 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 5441 мың теңге;

салық емес түсымдер – 65 мың теңге;

трансферттер түсімі - 308833 мың теңге;

2) шығындар - 314339 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  -   0.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджет саясаты және облыстың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

Ж. Ташенев



Қосымша
Дата публикации
30 декабря 2022