Жоба
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №174972 болып тіркелді
(VII шақырылым, кезектен тыс XXIX сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 139/29 2022 жылғы 6 желтоқсан
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 82/16 «2022-2024 жылдарға арналған Мүткенов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Мүткенов ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 93722 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 2760 мың теңге;
трансферттер түсімі - 90962 мың теңге;
2) шығындар - 94086 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -364 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 364 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Ж. Ташенев |