Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 79/16 «2022-2024 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы      9 желтоқсандағы № 174970 болып тіркелді

 (VII шақырылым, кезектен тыс XXIX сессиясы)

Ақтоғай ауылы                                                  № 136/29                                         2022 жылғы 6 желтоқсан

 

Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 79/16 «2022-2024 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 79/16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 162752 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Жолболды ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 47681 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 1845 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 77 мың теңге;

трансферттер түсімі - 45836 мың теңге;

2) шығындар - 48139 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -458 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  - 458 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     

Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы

 

Ж. Ташенев

Қосымша
Дата публикации
14 декабря 2022