2023 жылға арналған Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Жоба

  

2023 жылға арналған Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау–бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
  2. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
  3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

            Лауазымы

 

          Аты-жөні

Дата публикации
06 декабря 2022