Ақтоғай ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 Жоба

 

Ақтоғай ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету  мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға Ақтоғай ауданының ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыстарды қоспағанда, жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын  бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                                        Қ.Арынов

 

Қосымша
Дата публикации
29 ноября 2022