Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 18 қарашадағы № 173736 болып тіркелді
(VII шақырылған, кезектен тыс XXVIII сессиясы)
Ақтоғай ауылы № 132/28 2022 жылғы 15 қараша
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 68/14 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 174 680,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 866 184 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18 922 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 612 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5 286 962,2 мың теңге;
2) шығындар – 6 347 066,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 39 862 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 80 679 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 40817 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 212 248 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 212 248 мың теңге.»;
шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға 291 374 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін:
15 150 тысяч тенге- азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
127 359 тысяч тенге- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
148 865 тысяч тенге- елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Ж. Ташенев |