Әбжан ауылында өткізілген жиналыстың хаттамасы
26.10.2022 ж. Әбжан ауылы
Уақыты: 10.00. Әбжан ауылдық клубы
Жиналыс төрағасы: Мүткенов ауылдық округінің әкімі Е. Төлеков
Хатшы: бас маман Г. Жекенова
Қатысушылар саны: 29 адам, Әбжан ауылының тұрғындары
Күн тәртібінде:
Әбжан ауылының Орталық көшесінің атауын өзгерту туралы
Мүткенов ауылдық округінің әкімі Ерік Қайыржанұлы Төлеков сөз сөйледі:
Бүгін біз Әбжан ауылының тұрғыны, зейнеткер Ақылбек немересі Қайыргелді Машрықұлының Әбжан ауылының Орталық көшесін Әбжан ауылында алғаш мектеп ашып, Керекуден оқушылар үшін жаяу оқулық тасыған Ғосман Смағұлұлының есімін беру туралы ұсынысына сәйкес жергілікті қауымдастық мүшелері мен Әбжан ауылының тұрғындары жиналып отырмыз. Кімнің қандай пікірі бар?
Әбжан ауылының тұрғыны Умербеков Бейсембай, зейнеткер сөз сөйледі:
Құрметті ауылдастар! Ақылбек немересі Қаиргелді Машрықұлының ауыл тұрғындарының атынан жазған өтінішін негізге ала отырып «Орталық» көшеге Әбжан ауылында алғаш мектеп салған бірегей азаматымыз Ғосман Смағұлұлының есімін беруді ұсынамын. Әбжан ауылында мектеп салғаннан кейін, аудан орталығында партия ұйымына нұсқаушы болып, кейіннен аудандық газеттің редакторы болып қызмет жасаған.Қожамжар ауылында (бұрынғы Харьков (Сталин) МТС-і болған), аудан бойынша ең бірінші жеті жылдық мектептің директоры болып қызмет атқарды, 1937 жылы қараша айында «халық жауы» атанып сотталып кеткен. 1989 жылы ақталды.
Мүткенов ауылдық округінің әкімі Ерік Қайыржанұлы Төлеков сөз сөйледі:
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Орталық көшені Ғосман Смағұлұлының есімін беруді ұсынамын.
Дауыс берушілер саны:
«Қарсы емеспін» - 29;
«Қарсымын» - 0
Бірауыздан шешім қабылданды.
Шешім қабылданды: Ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып Әбжан ауылы Орталық көшесін Ғосман Смағұлұлының есіміне өзгерту туралы шешім қабылдады.
Төраға Е. Төлеков
Хатшы Г. Жекенова