Жоба
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 17/4 «Ақтоғай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтоғай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақтоғай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде әр балаға үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды бір жыл ішінде тоқсан сайын жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балалардың ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемін өндіріп алу тәртібі айқындалсын.
Мүгедектігі бар бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедектігі бар бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.».
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы
|
Ж. Ташенев
|