Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы «Ақтоғай ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 144 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2022 жылғы 22 қыркүйек № 281

 

Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы «Ақтоғай ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 144 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №144 «Ақтоғай ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;

көрсетілген қаулының 2 – тармағы және 2 – қосымшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулының 1 – қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі

 

                   Қ.Арынов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақтоғай

аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Қосымша
Дата публикации
29 сентября 2022