жоба
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 68/14 «2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 68/14 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26336 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6221094,2 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 855903 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 18151 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2664 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5344376,2 мың теңге;
2) шығындар – 6393480,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 28101 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 68918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 40817 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 200487 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 200487 мың теңге.»;
шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға 271668 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсін:
15150 тысяч тенге- азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
127359 тысяч тенге- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
129159 тысяч тенге- елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Ташенев