Ақтоғай ауданында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

  

Ақтоғай ауданында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

             Аудан әкімі 

Қ. Арынов



Қосымша
Дата публикации
24 августа 2022