Ақтоғай ауданы әкімдігінің «Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 тамыздағы «Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 163 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі - қаулы жобасы).
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 247 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген қаулы жобасы қабылдануының мақсаты Ақтоғай ауданы әкімдігі жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесіне өзгерістертер енгізу болып табылады.
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында «Құқықтық көмек» бөлімінде 2022 жылғы 19 мамырда орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14099738