«Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 наурыздағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешімнің жобасына баспасөз релизі

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 2-2/85 ұсынысы негізінде әзірленді.

Шешім қабылдаудың мақсаты шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы                                  15 наурыздағы «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы болып табылады.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
05 мая 2022