«Ашық НҚА» порталында 2022 жылғы 27 сәуірінде жарияланған.
Ақтоғай ауданы әкімдігі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 475 бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданы бойынша бекітілген елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін сәйкестендіру мақсатында әзірленді.