Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің«Ақтоғай ауданы аумағында сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы»шешімнің жобасына баспасөз релизі

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес әзірленді.

Шешім қабылдаудың мақсаты табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, материалдық резервті пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы 2022 жылғы «30» наурызда «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14050017

Дата публикации
30 марта 2022