«Ашық НҚА» порталында 2022 жылғы 3 наурызда жарияланған
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14021672
Шешім Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы шешімнің мақсаты оған жүктелген функцияларды сапалы, тиімді орындау үшін бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаражатын бөлу және мемлекеттік, салалық бағдарламалар және өңір аумақтарын дамыту бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады.