Қожамжар ауылдық округінде 4 елді мекен орналасқан: Қожамжар ауылы, Қайран, Жамбыл және Қараой ауылдары. Жалпы халық саны 1392 адамды құрайды, округ бойынша 314 аула бар.
Экономикалық белсенді халықтың саны 808. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 740 адамды құрайды, оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер – 537, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 203.
Ауылядық округте 16 шаруа қожалығы: «Бірлік», «Нұр», «Болашақ», «Өміржан», «Ермек», «Анастасия», «Бахтияр», «Сұңғат», «Сакен», «Керей», «Алдияр», «Виктория», «Ыбырайым», «Естай», «Қамбар» және «Асылжан» жұмыс істейді. Сонымен қатар, округте азық-түлік сатумен айналысатын 2 жеке кәсіпкер, киім кешекпен 1кәсіпкер тіркелген.
Округ бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2639, оның ішінде сиыр - 1212, 2488 қой, 480 ешкі, 606 жылқы және 1684 құс бар. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда қара мал саны 3,0 %, қой саны – 0,2%, жылқы саны 0,2 %, құстар 0,1 % өсті.
Әлеуметтік көмек.
2021 жылы аз қамтамасыздандырылған және көп балалы 18 отбасыға, 81 адамға 4 млн. 409 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Тұрмыстық қатты отынды сатып алуға 1 отбасыға 29170 теңге сомасына көмек көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 40 адам қатысты. 2021 жылы бос жұмыс орындарына 43 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам орналастырылып, жастар тәжірибесіне 3 адам жіберілді. 2021 жылы жастар қатарынан еріктілер мобильдік тобы құрылып, олардың күшімен «Қамқорлық» акциясында жалғыз басты тұрғындарға, ардагерлерге және мүгедектерге 1-2 топқа қар тазалау, отын дайындау, аула тазарту жұмыстарын істелді.
Есепті кезеңде Қожамжар ауылдық округіне жұмыс күші артық өңірлерден көшіру бағдарламасы бойынша құрамында 12 адам бар 2 отбасы қоныс аударды. Қазіргі уақытта біздің ауылда отбасыларға қолжетімді баспана берілді.
Білім беру саласы.
Ауылдық округте 2 мектеп бар: Тленшин орта мектебінде 163 оқушы, Жамбыл негізгі мектебінде 23 оқушы оқиды. Барлығы 186 оқушы. Оқушылардың демалысы 100 пайызды құрайды. Мектепте 7 үйірме тобы, 5 пән тобы және 11 спорт секциясы бар. 2021 жылы Тленшин атындағы орта мектепті 10 оқушы бітіріп, оның ішінде 3 оқушы жоғарғы оқу орындарына және 7 оқушы колледжге оқуға түсті. ҰБТ нәтижесі бойынша орта балл 52,5 балды құрады.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыру аясында округімізде Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі орналасқан. Ол аудан еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандықтар бойынша оқыту жүргізеді. Барлығы колледжде 118 студент оқиды.
Мәдениет және спорт.
Округте 1 Мәдениет үйі және 3 клуб бар.
Мерекелік іс-шаралар әзірленген жоспарға сәйкес өткізіледі. Бұл концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралар (бильярд, теннис, шахмат және дойбы). 2021 жылы коронавирустық пандемияға байланысты барлық іс-шаралар онлайн режимінде instagram әлеуметтік парақшасында өтті.
Округімізде 4 спорт залы, 10-нан астам баскетбол және волейбол алаңдары бар. Мерекелік іс-шараларға ауыл тұрғындары арасында барлық турнирлер қашықтықтан, онлайн режимінде өткізілді.
Денсаулық сақтау.
Қожамжар ауылында дәрігерлік амбулатория және үш ауылда фельдшерлік пункттер 4 елді мекенге медициналық қызмет көрсетеді.
2021 жылы 120 манту екпесі және 210 проф. екпе жасалды. 5 бала дүниеге келді. Флюкарда 168 адам тексерілді. Жүктілік бойынша есепте 5 әйел тұр. Күндізгі стационарда 238 адам ем қабылдады. Сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған тұрғындар ай сайын тегін дәрі-дәрмек алады.
Есепті кезеңде Қожамжар ауылдық округі бойынша барлығы 453 адам вакцинацияланды, бұл вакцинаны кім алуы тиіс жалпы санының 54,8% - ын құрайды. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілерде(Instagram, фейсбук), ватсапп месенджерлерде және аулаларды аралау арқылы тұрақты негізде жүргізіледі. Ауылдық округтің барлық әлеуметтік нысандарында "Ашық" жобасымен жұмыс істейді.
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары.
2021 жылы Қожамжар ауылдық округінде барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді. Апта сайын мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округ тұрғындарының қатысуымен қар тазалау үшін сенбілік өткізілді. 50 тонна қар және 2300 тонна қоқыс шығарылды. Іс-шараға 600-ден астам адам қатысты. Барлығы 2021 жылы жоспарға сәйкес ағаш көшеттері бұта отырғызылды. Шілде айында жазғы еңбек жасағында 29 жасқа дейінгі жастар "Жасыл Ел"жастар еңбек жасағында жұмыс істеді. Олар көшелерді санитарлық тазалау мен көгалдандыру жұмыстарымен айналысты.
Қожамжар ауылында халыққа таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін орталық су құбыры жұмыс істейді. Үйлерге қосылу 100%. Жамбыл және Қараой, Қайран ауылдарында КБМ(кешенді блок модулі) жұмыс істейді.
Ауылдық округ әкімі аппараты.
2021 жылдың 20 және 27 қаңтар күндері Қожамжар ауылдық округінің елді мекендерінде ауыл әкімінің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі өтті.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызмет этикасы кодексінің және мемлекеттік стандарттарға сәйкес қызметтерді көрсету сәйкестігін тоқсан сайын кездесулер, бойынша өткізіледі.
2021 жылы «Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
2021 жылы жеке тұлғалардан қабылданған жазбаша, ауызша өтініштер болған жоқ.
Округ бойынша санитарлық тазарту, абаттандыру, мал жаю, мал суару, жазғы су құбыры жұмысы және өрт қауіпсіздігін ескерту туралы 7 жиын өтті.
Міндетті мәселелер:
Қазіргі уақытта осы мәселелерді шешуге мүмкіндіктер қарастырылуда