Қараоба ауылдық округінің жер көлемі 124286 га құрайды. Округтегі 5 елді мекенде 448 аула бар. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарының саны 1660 адам, еңбекке жарамдысы – 897, өз еңбегімен айналысатындар – 213. Жұмыспен қамтылғандар саны - 639. 13 бала туды, 11 адам қайтты.
Ауылдық округте атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде округтің әлеуметтік - экономикалық дамуы тұрақты.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік. Округте 3 ЖШС-і, 49 шаруа, фермер қожалығы, 26 кәсіпкер жұмыс істейді. Биылғы жылы 1 шаруа қожалығы, 6 жеке кәсіп ашылды. Округіміздің шаруа, фермер қожалықтары мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуда.
Мал шаруашылығын дамыту үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2021 жылы 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 9 адам грант алды.
Ауылдық округтің инвестициясы 81 млн теңгені құрайды.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша «Торғай көк» фермер қожалығы 4,8 миллион теңгеге 12 бас жылқы сатып алды.
«Бизнестің Жол Картасы» бағдарламасы бойынша «Батырхан» фермер қожалығы 136 бас қой сатып алды.
"Сыбаға" бағдарламасы бойынша «Касенов» ШҚ жалпы соммасы 6 миллион 560 мың теңгеге 164 бас қой сатып алды.
Өз қаражаты есебінен «Жиырма бес» шаруа қожалығы 3 миллион теңгеге, «Артель» фермер қожалығы 3,4 миллион теңгеге пресс сұрыптаушы сатып алды.
Биылғы жылы бірнеше қожалықтар ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартып алды. «Олжа» шаруа қожалығы, «Молочное село» фермер қожалығы, «Бикен-Агро» жеке кәсіркерлігі, К.Каримжанов өз қаражаттары есебінен 7трактор, 2 тіркеуіш сатып алды.
Ауылдық округтің негізгі бағыты – мал шаруашылығы, егіншілік.
Мал шаруашылығы 2021 жылдың 1 қаңтарына МІҚ 4883 бас (103%), ұсақ мал 8893 бас (104%), жылқы 2272 бас (102%), құс 6302 дана (100,4%) құрады. Ауылдық округте ауылшаруашылық жануарлардың ветеринарлық профилактикалық іс – шаралары жүргізілді.
Ауылдық округте мал шаруашылығымен және ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, арпа, тары өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары бар. Биылғы жылы 2149 га дәнді дақылдар – бидай, арпа, тары, дәнді қоспалар («Аят», «Ақниет», «Молочное село», «Касенов»), 3666,7 га азықтық дақылдар («Казына», «Ақниет», «Молочное село», «Ырыс»), 274 га картоп пен 152 га көкөніс егілді («Молочное село», «Шарип», «Бикен-Агро»).
Әлеуметтік қорғау. Округте 239 зейнеткер тұрады. Жалғызбасты тұратын ардагерлерге әлеуметтік қызметкер бекітілген. Қоғамдық жұмысқа 36 жұмыссыз жұмылдырылды, тұрақты жұмысқа 30 адам, жастар тәжірибесімен – 2 адам қамтылды, өз істерін ашу мақсатында 8 адам «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу оқыды. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан14 отбасына тағайындалды. Шаруа қожалықтарына 10 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Жыл басынан «Ардагер», «Черноярская жемчужина» шипажайларында 3 зейнеткер демалып, емделіп келді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірден 5 отбасы (21 адам) қоныс аударды.
«Қамқорлық» айлығы аясында шаруа қожалықтары басшылары, ұйымдар 50 адамға 180,0 мың теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті.
Білім беру және денсаулық сақтау. Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт бар, онда 6 маман жұмыс істейді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Өтес ауылында медициналық пункт ашылды. Бекітілген кестеге сәйкес қалалық емхананың дәрігерлері пациенттерді қабылдайды. Жылына бір рет Жылжымалы флюркар ауылының тұрғындарына және МЕД-қару жылжымалы медициналық пунктіне қызмет көрсетеді. Округ бойынша COVID-19 қарсы вакцинаның 1 компонентін 673 адам, ІІ компонентін 571 адам алды. 50 адам ревакцинациядан өтті. Шілде, тамыз айларында “Stop Covid-19” ақшалай лотереялары өткізілді.
Жалпы орта білім беретін 2 мектеп және 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді, мектепте 203 оқушыға 62 мұғалім білім береді. Барлық мектептерде шағын орталықтар жұмыс істейді.
«Мектепке жол» акциясы аясында жағдай төмен және көп балалаы отбасыларға округтің демеушілері 117 000 тенге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішіде кеңсе табарлару, спорт формалары, туфли, спорт формасы т.б.
«Мектебіме тағзым» жобасы аясында Қараоба орта мектебінде «Шахмат» сыныбы ашылды. Осыған демеушілік көрсеткен 1991 жылғы мектеп түлектері. 1965 жылғы түлектері Тәшімов Нүриден Тәшімұлының құрметіне арналған мемориалды тақтаның ашылуына зор үлесін қосып, телевизор сыйға тартты. Сонымен қатар мектептің бірқатар мұғалімдері мектеп оқушыларына оның ішінде көп балалы аз қамтылған толық емес отбасылардың балаларына 70 000 тг көлемінде қыстық аяқ киім, куртка, спорт формасы сияқты киімдермен қайырымдықы жасады. Қ.Ыдырысов мектебіне ЖШС «SKYMAX TECHNOLOGIES» компаниясының бас директоры Шортанбаев Ерик Каиржанович 1,5 млн теңгеге компьютерлік техника мен жиһаз түрінде демеушілік көрсетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және жаңа жылды тойлауға орай мектептің тұрақты демеушілері Әукенова Жеңіс Қажы мен Искаков Қабылда оқушыларға сыйлықтар тарту етті.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мектептерге 3 мұғалім қабылданды (бастауыш сынып мұғалімі, психолог, информатика пән мұғалімі).
Жастар саясаты, мәдениет және спорт. Округте 2 мәдениете үйі, 2 клуб жұмыс істейді. 14-29 жас аралығындағы жастар 320 адам. Биылғы жылы мәдени шаралар онлайн режимде өткізілді.
Инфроқұрылым, тұрғын үй - коммуналдық мәселелер. Қараоба ауылдық округінің барлық елді мекендері таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы Өтес ауылының кіреберіс жолы 200 м ұзартылды. Исантерек ауылының кіреберіс жолына қиыршық тас орнатумен ағымдық жөндеу жұмыстары өткізілді.
Округ ауылдарында көше жарығының 185 шамы бар. Жыл басынан көше жарығының 20 шамы жөнделіп, ауыстырылды.
Қоғамдық-саяси жағдай-тұрақты. Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге ауылдың моральді психологиық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамдық - саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізеді және өткізілуде. Тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау және мемлекеттік стандарттарға сәйкес Халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі.
2021 жылы "Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі 56 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Әкімнің ағымдағы жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы:
Қараоба ауылдық
округінің әкімі Ш.Байдильдина