Жолболды ауылдық округінде барлығы 126452 га жер бар. (Жолболды-77565 га; Шұға-23401 га; Шілікті-25485 га). Оның ішінде мемлекеттік қор жерлері 70271 га құрайды. Бекітілген жер 54132 га, оның ішінде ауылдық округтің қарамағында 27124 га және шаруашылық субъектілерінің жерлері 27008 га құрайды.
Округ аумағында 3 елді мекен орналасқан: Жолболды, Шұға, Шілікті, жалпы аула саны – 174. Онда 746 адам, Жолболды - 409 адам,Шұға - 240 адам, Шілікті - 99 адам тұрады, оның ішінде еңбекке жарамды – 546 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарында жұмыс істейтіндер – 395 адам және өзін – өзі жұмыспен қамтығандар санатына жататындар-151 адам. Жұмыспен қамту орталығында 14 адам тіркелген.
Ауыл шаруашылығы
01.01.2022 жылға мал басы саны: ірі қара - 5569 бас; қой – 474; жылқы – 2858; құс – 4220 дана; Мемлекеттік жоспар бойынша мал сібір жарасына, құтыруға егіліп, қан алынды.
Жолболды ауылдық округінде 58 трактор, 2 жүк көлігі, 54 шөп шабатын агрегат бар. 2021 жылы техникалық парк жаңартылды, "Аслан" фермерлік шаруашылығының басшысы Марденов С.З. лизинг бойынша соммасы 14 млн. теңгеге LW-300 алдыңғы тиегіш тракторын, сондай–ақ жаңа МТЗ – 82 тракторын "Ілияс" ф/қ басшысы Е.Е. Құсайынов сатып алды, "Медет" ф/қ басшысы Аханов Д.Қ жаңа LW-300 алдыңғы тиегіш тракторын, «Айтолған» ф/қ басшысы Қыстаубай Айтолған лизингке соммасы 12 млн. 500 мың теңгеге Беларусь – 922 тракторын сатып алды. Барлық техника қысқы уақытқа арналған мал азығын дайындау үшін қолданылады. Биылғы жылы мал азығын дайындау жоспары 10 мың тоннаны құрады.
Жоспар бойынша барлығы дайындалды.
Ауылдық округте мал соятын алаң және мал қорымдары бар.
Округте 34 шаруа және фермер қожалықтары жұмыс істейді. 14 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Оның 4-і сауда қызметімен айналысады.
Тұрғын үй-коммуналдық мәселелер
Округ ауылдарында көше жарығының 120 шамы бар. Биыл тағы 11 жаңа нүкте орнатылды. Жыл басынан бері соммасы 1 млн. 400 мың теңгеге 1500 метр сым және көше жарығының 34 шамы жөнделіп, ауыстырылды.
Жолболды, Шұға және Шілікті ауылдарында КБМ жұмыс істейді. "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша Жолболды ауылында орталық су құбыры жұмыс істейді, онда 103 абонент қосылған, қосу бойынша қосымша ағыту жұмыстары жүргізілуде, биыл тағы екі абонент қосылды.
"Отау-ТВ" спутниктік антеннасы бар, онда 11 арна таратылады. "Қазтелерадио" АҚ "Цифрлық Қазақстан" жүрдек интернет жұмыс істейді, Билайн ұялы байланысы бар. Округте 10 әлеуметтік нысан бар: 3 білім беру мектебі, 2 кітапхана, 2 клуб, 2 мед пункт, 1 метеостанция.
Абаттандыру бойынша 80 дана ағаш, 150 бұта отырғызылды. Бюджеттен 135 мың теңгеге 15 дана шырша сатып алынды, 420 шаршы метр гүлзарлар мен гүл бақшалары салынды. 225 дана көлемінде ағаштарды әктеу жүргізілді, 110 дана ағаштарды санитарлық кесу жүргізілді.
Қоғамдық жұмыстарға 16 адам қатысты.
25 п/м жөнделді және жаңа 120 п/м көше қоршауы орнатылды. 6 баннер мен 2 стенд орнатылып, ауыстырылды. Сондай-ақ, жол белгілері орнатылып, жол белгілерін орнату жұмыстары жалғасуда.
Жолболды ауылында қоқыс үйіндісін жандырдық. Бюджет есебінен 3750 тонна қоқыс шығарылды. Және 2500 тоннадан астам қоқысты жеке тұлғалар шығарады.
2021 жылы Жолболды ауылындағы ұзындығы 12 км көшелерді грейдерлеу жүргізілді.
2021 жылдың желтоқсан айында ауылішілік жолдарды тазарту бойынша "Әмірхан" ЖК Төлебаев Серік Тұрмысұлымен шарт жасалды.
Білім беру және денсаулық сақтау
Округ аумағында 3 мектеп жұмыс істейді. Естай ат. ОМ; Х. Шаяхметова ат. ОМ және Шілікті орта мектебі, мұнда 115 оқушы білім алады және 53 мұғалім жұмыс істейді. ЖОББМ қарамағында шағын орталықтар жұмыс істейді, онда 18 бала барады.
Округте халыққа медициналық қызмет көрсету үшін Жолболды ауылында 1 дәрігерлік амбулатория және Шұға ауылында 1 медпункт бар. 1 дәрігер және 3 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары үшін дәрігер Г.М. Белова апта сайын қабылдау жүргізеді. "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша жергілікті жерлерде, округ ауылдарында халықты медициналық тексеру үшін медициналық автопоезд келіп тұрады.
Шұға ауылында мед.пунктін жылыту үшін демеушілік көмек түрінде 1 текше метр отын сатып алынды.
Жолболды медициналық пунктіне биыл орталық су құбыры қосылып, жылы дәретхана жөнделді, дәрігерлік амбулаторияға жуынатын бөлме қосылды.
Жастар саясаты, мәдениет және спорт
Округте 14-29 жас аралығындағы жастар саны 178 адамды құрайды.
Биыл олар еріктілер қозғалысына белсенді қатысты. Аз қамтылған және көп балалы аналарға, зейнеткерлерге көмек көрсетілді, азық-түлік апарылды, аулаларды тазалады, қоршауларды жөндеді, қыс мезгілінде олардың аулаларындағы қарды тазартты, төбесінен қарды тастады.
Жазғы уақытта ауылдық округте 10 студенттен тұратын студенттік жасақ ұйымдастырылды.
Олар сондай-ақ аз қамтылғандар мен зейнеткерлерге көмектесті. Ал Жолболды ауылында аулаларды тазалады және шыршалары отырғызды.
2022 жылға арналған жоспарлар
* Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жаңа ЖК ашу;
* Ауыл жастарын салауатты өмір салтына тарту;
*Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жабдықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру;жарықтандыру, көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
* Округ бойынша мал басын көбейту;
Жолболды ауылдық округінің әкімі Х. Ахтанов