Жалаулы ауылдық округінде 4 елді мекендер орналасқан: Жалаулы, Балтасап, Қарасу және Шолақсор ауылдары.
Жалпы халықтың саны – 974 адамды құрайды, соның ішінде:
Жалаулы ауылында – 352 адам
Қарасу ауылында – 84 адам
Балтасап ауылында – 210 адам
Шолақсор ауылында – 328 адам тұрады.
Экономикалық белсенді халықтың саны 452. Жұмыспен қамту орталығында 64 адам тіркелген.
53 жаңа жұмыс орындары ашылған. 5 әлеуметтік жұмыс орын ашылған. Бизнес-бастау бағдарламасы бойынша 6 адам оқып шығып, мемелекеттік грантқа ие болып кәсіптерін ашты. Жастар тәжірибесінен 2 адам өтті. Кәсіптік оқытудан 2 адам оқып шықты. Қоғамдық жұмыстарға 30 адам қатыстырылды. Округта 90 зейнеткер тұрады.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік.
Жалаулы ауылдық округінде 220637 гектар жері бар
2021 жылы ауылшаруашылық субьектілерге конкурс арқылы 16393 га көлемінде жер берілді.
2021 жылдың аяғына округ бойынша ірі қара малдың саны- 7706 бас; жылқы- 3707 бас; қой- 5665 бас; ешкі- 715 бас; құс- 4334 дана құрайды. Округта малдың қысқы азығына 25 мың тонна шөп шабылып тасымалданды.
Округта 1 ТОО, 55 шаруа және фермер қожалығы және 13 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Биыл 3 жаңа фермер қожалықтары ашылды.
Округте 4 комбайн, 69 трактор, 9 жүк машинасы, 40 шөп шабатың агрегаттар тіркелген.
10 шаруа қожалығы жалпы соммасы 100 млн теңгеге жаңа техника сатып алды.
«Масакпай инвест» ЖШС 645 млн ға инвест жобаны жүзеге асырып 2 бордақылау алаңын салды.
«Камила» фермер қожалығы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ірі қара мал сатып алуға 12млн. ға несие алды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша: «Азамат-С» ФҚ 10 млн ға 250 бас қой сатып алған. «Астық» ФҚ 42,5млн.теңгеге герефорд тұқымды 50 бас ірі қара және «Төлеген» ФҚ 63 млн ға 97 бас ірі қара сатып алуда.
Коммуналдық шаруашылық.
Елді мекендерді абаттандыру жұмыстары бойынша 800 ағаш пен көшеттер отырғызылды, 300 шаршы метрге гүл отырғызылды,120м қоршау жөнделді. 270 мың теңгеге 20 дана шырша сатып алынған.
Жалаулы ауылында су тасқыны алдын алу мақсатында ауылдың сыртынан ұзындығы 1 км топырақ бөгеті жасалынған.
Елді мекендерде көшелерді жарықтаңдыру үшін 100 жарық шамдары істеп тұр. Жалаулы ауылында жалпы соммасы 1,5 млн теңгеге 50 жаңа светодиодтық шамдар орнатылды. Шолақсор ауылының стелласы 300 мың теңге соммасына жаңартылды. Ауылдық скверына 430 мыңға брусчатка сатып алынды. Демушілік қаражатымен Жалаулы бастауыш мектебінің қоршауы жаңартылды.
Ауылдарда тазалық жұмыстары бойынша 1,2млн теңгеге қоқыс шығарылып, қоқыс орындары тегістелді. Жалпы 3 мың тонна қоқыс шығарылды.
Қысқы уақытта жолдарды тазалауға 2млн теңге қаражат жұмсалған болатын.
Халықты таза ауыз сумен қамту мақсатында Жалаулы мен Шолақсор ауылдарында КБМ дер, ал Қарасу және Балтасап ауылдарына шағын КБМ дер істеп тұр.
Округта «Отау ТВ» спутник телеарналары көрсетіледі, ал Жалаулы ауылында биіктігі 25м телемұнарасы бар 11 телеарна көрсететін цифрлы стансаны істеп жатыр.
2021 жылы Жалаулы мен Шолақсор ауылдарында ұялы байланыс орнатылды.
Халық көптен күткен облыстық автожолының орташа жөндеуі басталып, ұзындығы 23 км асфальтобетон төселді.
Білім беру саласы. Ауылдық округте 4 мектеп жұмыс істейді: Нығыман Алшынов атыңдағы Жалаулы және Шолақсор жалпы білім беретін орта мектептері, Балтасап негізгі мектебі және Жалаулы бастауыш мектебі. Оқушылар саны – 172. Мұғалімдер саны -71, барлығы арнайы және жоғары білімді ұстаздар.
Барлық мектептерде шағын орталықтар бар. Оларға жалпы саны 52 бала барады.
Қарасу ауылынан Балтасап ауылындағы негізгі мектепте оқитын 9 оқушыға тегін тасымалдау ұйымдастырылды. /11 орындық УАЗ автобусы/.
Мектептерге жалпы көлемі 300 тонна көмір тасымалданды.
«Мектепке тағзым» акциясы бойынша Шолақсор ОМ кабинеттер ашылуына, мұражайға, әскери формаларды сатып алуға 400 мың ға демеушілік көрсетілді.
Медицина. Округта халыққа медициналық қызмет көрсету саласында Жалаулы ауылында 1 ДА/дәрігерлік амбулатория/, Шолақсор медпункті және Балтасап ауылындағы клуб ғимаратында орналасқан медпункт бар.
Халыққа 1 дәрігер, 1 фельдшер және 4 медбике қызмет көрсетеді.
Қарасу ауылының тұрғындарына ДА-ның дәрігері Г.Белова апта сайын қабылдау жүргізіліп отырады.
Халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2 дәріханалық пункт қызмет етеді.
Жылда жоспар бойынша ауыл тұрғындары скринингтік тексерулерден және флюкардан өтіп жатады.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында округ бойынша 480 адам вакцина алды. Ревакцинациядан 49 адам өтті. Бұл жұмыстар жалғасын табуда.
Мәдениет. Округта 1 мәдениет үйі және 2 клуб жұмыс істейді. Шолақсор ауылында 1 намазхана бар. Биылғы жылы өткізілген барлық мәдени шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы аясында өткізілді. Пандемияға байланысты ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған әртүрлі шаралар және ойын-сауықтар халықтың жартысынан астамы вакцинациядан өткесін және эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүкіл шаралар «Ашық» жүйесі арқылы өткізілді.
Округ бойынша жалпы дене шынықтырумен айналысатындар үлесі 34,5 % құрайды.
3 кітапханананың кітап қоры 25475кітапты құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілде 9600, орыс тілінде 15875. Оқырмандардын саны 700 (440/160)адам.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай біздің бірқатар жерлестеріміз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлестерін қосқандары үшін зор құрметке ие болған. Олар – Жалаулы ДА бас дәрігері Белова Г.М., «Ахмет» ФҚ басшысы Ахметов Жаңбырбай Елдесұлы- Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекелік медальдарымен.
-Балтасап ауылдық кітапханашысы Сматаева Назым Рахметқызы ҚР Сенат төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
-Ибраев Тұрсынғали Тұрсынбайұлы, учаскелік полиция инспекторы аудандық Құрмет тақтасына еңгізілді.
Жалаулы ауылдық подстанция операторы Приходько Виктор Николаевич, Шолақсор ауылдық медпукті медбикесі Тулепбергенова Гульфия Халелқызы- Ақтоғай ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Округ бойынша келесі проблемалық мәселелер бар:
Ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар: