Ақжол ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебінің тезистері

 

Демография

Округ аумағында 5 елді мекен орналасқан. Тұрғындардың саны – 1264 адам, оның ішінде – Ақжол ауылында 709 адам, Барлыбай ауылында 268 адам, Разумовка ауылында – 41 адам, Басқамыс ауылында – 189 адам, Каракога ауылында – 54 адам.

Қайтқандар – 4 адам, бала өлімі тіркелмеген. Тұған баланың саны – 16 бала. Қоныс аударғандардың саны 10 адам , көшіп келгендердің саны 49 адам.

Ауыл шаруашылық

Округ аумағы – 252447,8 га., оның ішінде - ауыл шаруашылығына арналған жерлер - 229842 - га.,егістік- 9621,0 га., жайылым – 16810,0 тыңайған жерлер – 20804 га., шабындық жердер-3422 га. . Жоспарға сәйкес ауыл шаруашылық малдары бруцеллез, туберкулез анықтамасын өтті. Сібір жарасынан вакцинациясы жұргізілді

Округтің негізгі қызметі мал және өсімдік шаруашылығы.

9,5 жоспардан 9,7 шабылған пішендіктер дайындалды  (дала пішенінің гектарына 3 центнер және 17 центнер лиман түсімділігімен.

округ бойынша 85 қожалық және фермерлік шаруашылықтары бар. Оның ішінде 60 шаруа және фермер қожалықтары, 22 ЖК, 3 ЖШС. 2021 жылдың мерзімінде 4 фермер қожалықтары және 1 ЖК ашылды.

Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын өсіруге барлық жағдай жасалған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Муслим» ШҚ басшысы Уразбаев Серік., 18,0 млн.теңгеге ҰҚМ сатып алды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Еңбек бағдарламасы бойынша «Мал шаруашылығын дамытуға, «Үш ағайын» шаруа қожалығының басшысы Рахымбаев Қайрат ірі қара мал сатып алуға 4 млн.тенге алды.

«Қасқырбай» ФҚ басшысы Бақтыбаева Эльмира өз қаражатына 14,0 млн.теңгеге фронтальды тиегіш сатып алды. «Дәулет» шаруа қожалығының басшысы Дисенова Ләззат қаржылық қолдау қоры арқылы 14,0 млн тенгеге алдыңғы тиегіш және 1,6 млн теңгеге айналмалы шөп шабатын машина сатып алды. «Ануар» ФҚ басшысы Жылқайдар Ануар 1,5 теңгеге айналмалы шөп шабатын машина сатып алды.

 

 

Білім беру жіне денсаулық сақтау

Округ аумагында 1 орта және 2 негізгі  мектептері бар.  Оқушылардың саны 140 бала. Мектептерде шағын орталықтары жұмыс істейді. Разумовка ауылындағы оқушы балалар Агрономия орта мектебіне тасымалдауымен қамтылған.         Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еңбекші негізгі мектебінің түлегі Рамазанов Мәдениет туған мектебіне жалпы құны 120,0 мың теңге тұратын 8 дана коньки сыйға тартты. Сондай-ақ, Агрономия орта мектебіне дәл осы бағдарлама бойынша түлектер мен демеушілер  900,0 мың теңгеге Домбыра және Асық ату кабинеттерін ашты.

Барлық оқу орындары қыркүйек айынан бастап негізгі форматта жұмыс істеді.

 

Әлеуметтік сала

 Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімі арасында жасалған меморандумды орындау мақсатында аз қамтылған және жұмыссыздар санатынан қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 15 адам, қабылданғаны 25 адам, әлеуметтік жұмыс орнына жоспар 5 адам орындалуы 4 адам, Жастар тәжіребиесі бағдарлама бойынша жоспары 2 , өткен 2 адам. Оңтүстік өңірлерінен жоспар бойынша 5 отбасы қоныс аудару мен нақты 6 отбасы көшіп келді онда қоныс аударғандардың саны 33 адам құрады. Бизнес бастау бағдарламасы бойынша 7 адам оқыды , жоспар 7 адам. Көлемі 583,4 теңгеден 12 адам грант алды.

Округте 1 ФАП және 2 МП жұмыс жасайды. Округ бойынша 2 медбике жумыс істейді.

АӘК көрсетудің жаңа форматы бойынша   барлығы 6 іс қабылданды барлығы қаралып тағайндалды. Қазырғы таңда АӘК алушылардың саны 2 адам. Наурыз мейрамы қарсаңында Басқамыс ауылының барлық балаларына «Ризабек» шаруа қожалығының басшысы Ержанов Мұрат тәтті сыйлықтар табыс етті.

   Сондай-ақ ағымдағы жылдың ақпан айында аудандық мәслихаттың депутаты Қ Рамазанов аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеті түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.

 «Қамқорлық» айын өткізген мерзімде 460 адамға 1200,0 мың тенгеге көмек көрсетілді.

 

Жастар саясат және спорт

      Жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Т. Кабиденовтың басшылығымен еріктілер қызметі жолға қойылды. Олар жалғыз тұратын азаматтардың аумақтарын қардан тазалап, өнімдерді жеткізіп, қаршаларын жөндеу жұмыстарын жасады. Кабиденов Т., жазда студенттер арасынан «Жасыл ел» еңбек жасағын басқарып, олар ұжыммен бірге Ақтоғай ауданы бойынша үздік Медиа штабы болып аталды..

      Ауданымызда ЗАГС тың 100 жылдығына орай мерейтойлы отбасыларға құрмет көрсетіліп, іс-шара өткізіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

      Биылғы жылы «Көрпе фест» мега фестиваль байқауында округімізден Жамалиденова Ботагөз қатысып «Алтын Орда» сертификатымен марапатталды.

      Онлайн форматта өткізілетін аудандық жане облыстық іс шараларға округ тұрғындары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсету

        Жыл ішінде ауылдық округ бойынша көше жарығының шамдары ауыстырылды және жөнделді. Қарақоға, Ақжол және Барлыбай ауылдарында 1140 метр АПВ-16 сым желісі тартылды,. Қарақоға ауылында жарықдиодты шам орнатылды.      Ақжол ауылында барлық маусымды су құбыры жұмыс істейді. Қалған ауылдарда тұрғындар КБМ ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 800 ағашпен пен бұта отырғызылды. 500 квадрат метрірне 1000 дана гүл отырғызылды. «Рамазан» ШҚ жане де басқа шаруа қожалықтары аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жұргізді.      «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжол ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу және Ақжол ауылының үш көшесіне ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демеушілік қаражат есебінен Разумовка ауылында ұялы байланыс мұнарасы орнатылды, .алғашқы тың игеру ескерткіші қалпына келтірілді. Ақжол ауылының кіреберіс жолын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

         Мемлекеттік рәміздерді мерзімді ауыстыру  және тақырыптық баннерлерді түрақты ауыстырылып тұрады .

 

Ақжол ауылдық округінің аппараты

Есеп кезенінде Ақжол ауылдық округі әкімінің аппаратына 38 ауызша өтініш келіп түсті.  Барлық өтініштер мерзімінде қаралды.

Есеп кезенінде «Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 Оның ішінде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 4, «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу саудаласу (конкурс, аукцион) жүргізуге талап етпейтін» - 4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» -5,  . Мемлекеттік қызмет көрсетуге қабыл алмаған қызмет тіркелген жоқ.

Есеп кезенінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер қойылған мерзімінен бұзылған жоқ.

Проблемалық сұрақтары:

Ақжол ауылының ауылішілік жолдарын жағдайы;

Барлыбай, Басқамыс ауылдарына маусымдық су құбырын жүргізу;

            Ақжол – Барлыбай жолдардың жағдайы.

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2022