Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынын 9-бабы 7), 8) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға арналған ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. 2022 жылға арналған ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.